😢😢😢😢 Сахабалардың миллиардері Алла оған разы болсын. Абд ар-Рахман ибн Ауф аз-Зухарий әл-Құрайший (Алла оған разы болсын) . Ол пайғамбарымыздан ( Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) 10 жас кіші болатын, ол көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаның бірі еді, бірінші болып Исламды қабылдаған сегіздің біреуі, Омар ибн әл Хаттабтан ( Алла оған разы болсын) кейінгі халифа болуға ұсынылған алты адамның бірі, және сахабалар арасындағы ең ауқаттысы еді , саңлақ сахабалардың бірі (Алла оған разы болсын). Ол екі рет Эфиопаға хижрет жасаған (қоныс аударған) кейін Мединаға үш рет қоныс аударған. Ол Мединаға көшіп келгенде өзімен бірге көк тиыны жоқ етін , ал келген соң ең бай сахабалардың біріне айналды. Ол үшін пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі болсын) : ,, Уа Алла Абд Рахманға Жәннаттағы Сәлсәбилден су ішкізе гөр"- деп дұға қылған еді. Ол бір күн ішінде 30 құлды азат еткен еді. Ол пайғамбарымыздың жанында жүріп барлық соғысқа қатысқан еді. Ухуд шайқасында 21 рет үлкен соққы алған, қылыш, балта, найза және садақ оғынан. Шайқас біткенде оның алған жарақатынан әрең таныған болатын, бірақ жаужүрек батыр аман қалды және осы шайқастан соң оның бір аяғы ақсақ болып қалды. Табук жорығанда оған ең жоғарғы лауазым берілген мұсұлмандардың бірі еді. Ол кезде ол Алла жолында 200 алтын динар берген болатын. Және осы жорықта Алланың қалауымен Пайғамбарымыз ( Алланың оған сәлемі болсын) сахабалардың қасында болмаған еді сол кезде оны имамдыққа шығарған болатын, ол бірінші ракағатты аяқтағанда Пайғамбарымыздың ( оған Алланың сәлемі болсын) өзі келіп оған ұйыды да оған намазды жалғастырып оқи беруін бұйырды сонда ол пайғамбарымыздың алдында тұрып намаз оқыған болды, бұдан артық қандай лауазым болуы мүмкін ?!. Ол құрма бағын 40000 алтын динарға сатып алып оны кедейлерге садақа ретінде берген . Ол Абд ар-Рахман Бәдір соғысына қатысқандардың бәріне 400 динар алтынды садақа қып беріңдер деп бұйырған еді.Және ол адамдардың саны 100 еді.Және оларға сол берілді. Ол бір жорықта 50 000 алтын динарды жұмсаған. Ол сол Абд ар-Рахман көзіне жас алып: ,, Мен Алла жолында қанша ақша жұмсасамда ол маған қайтып келе береді, мен осы дүниеде берген, ал арғы дүниеде құр қол қалатындардың қатарынан болып қаламба деп қорқам" -деген еді. Ал бұның себебі Пайғамбарымыздың (оған игілік пен сәлем болсын) ,,Алла оған әрі оның мүлкіне береке бер''- деп оған жасаған дұғасында еді. Шейх әл-Ислам Ибн Хаджар әл-Аскаланий өзінің "ал-Исаба" атты кітабында Абд ар-Рахман ибн Ауф Пайғамбарымыздың (оған игілік пен сәлем болсын) көзі тірісі кезінде Алла жолында өзінің жарты дүниесін жұмсаған, ал Пайғамбарымыз дүниеден өткен соң 40 мың алтын динар, 500 ең керемет араб сәйгүліктерін, және 800 ге жуық түйелерді Алла жолына берген. Егер пайғамбарымыздың ( Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі оның Алла жолында жұмсаған дүниесін біздің қазіргі долларға шаққандағы бағамен есептер болсақ онда ол жарты миллиард долларға тең келеді. Және оған қоса ол хижраның 31 жылы Османның халифалығы тұсында (Алла оған разы болсын) дүние салған , ол жақындарына біздің бағаммен есептегенде 850 000 000 АҚШ долларын қалдырып кеткен. Абд ар-Рахман ибн Ауф Алла саған разы болсын. Расында ол Исламдағы жарық жұлдыздың бірі еді және бәріне үлгі көрсетіп кетті.Ал бұл біз ол туралы айтқандарымыздың тек азы ғана. Муснад Ахмад. "Исаба" Ибн Хаджар. "Сийра" Ибн Хишам. "Тарийх" Ал-Бухарий.... Ислам діні Қазақстанда

Теги других блогов: Ислам Сахаба Абд ар-Рахман ибн Ауф