Бұл ескерткіште былай деген:
"Әмәуи (Омейяд) патшалығының әділ халифасы Омар ибн Абдул-Азиздің ескерткіші. Бірнеше ғана сөз. Сонау қиыр шығыс Қытайдан Оңтүстік Франция еліне дейін басқасқарған ұлы Омардың ескерткіші міне осындай.Ол небәрі 40 жыл ғана өмір сүрді, сол өмір сүрген жыл аралығында ол небәрі 2 жыл ғана ел басқарды. Алайда осы 2 жыл ішінде ол әділдікті орнатқаны соншалық , оны бесінші әділ халифа деп атады. Имам Ахмадтың хабарынан әмәуилердің қойнауынан бидай дәнінің мөлшері құрма сүйегімен бірдей болған екен және де онда ,,бұл дән әділдіктің тұсында өсті '' деген жазу табылған. Бұл Омар ибн Абдул- Азиз ел басқарған шағындағы Алланың жер бетіне түсірген берекеті еді. Әл-Қассаб айтты: "Омар ел басқарған тұсында мен қасқырдың қойлармен бірге жайылып жүргенін көріп таң қалғаным соншалық СубханаЛлах дедім , қасқыр қойдың арасында жүр және оған шаппайды ''!
Бүгінде біздің бұндай хабарларға сенуіміз қиын , бұл хабарлар (сахих) сенімді жолмен келседе. Бірақ Ибн Абдул-Азиздің өмір баянына қарар болсақ жоғарыда айтылғандардан да таң ғажайып хабарларды табамыз. Алла оған разы болып игілік берсін !
Ислам діні Қазақстанда